ТЕК БІЗДІҢ ОРТАЛЫҒЫМЫЗДА ТЕГІН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛА АЛАСЫЗ

БІЗ ТУРАЛЫ

«Жанға Ем» инемен емдеу Орталығы Сіздерге инемен емдеу және акупунктуралық косметология қызметтерін ұсынатындығына қуанышты. Арқаңыз, мойыныңыз, буындарыңыз ауырса, бас ауырса, күйзеліс болса, гинекологиялық ауруларға шалдыққанда және басқа да ауруларға тап болған жағдайда біз Сізге көмекке келуге дайынбыз. Барлық емдеу шараларын 20 жылдан артық еңбек өтімі бар, Қытайдың салалық жоғары оқу орнында оқыған білікті маман жүргізеді. Емдеу кезінде қолданылатын барлық әдістемелер ежелден ауруларды емдеу қауіпсіздігін және тиімді екендігін дәлелдеді. Сізге дәстүрлі қытай медицинасының барлық артықшылықтарын өзіңіздің денсаулығыңызға жəне игілігіңізге пайдалану үшін, біздің орталыққа келуіңіз ғана жеткілікті.

Бұдан басқа, бізге тек өзінің денсаулығын жақсарту үшін ғана емес, сондай-ақ теріні жасарту мен әдемілік үшін де жүгінеді, өйткені дәстүрлі қытай медицинасы тек денсаулығын ғана емес, сондай-ақ сұлулығын шын мәнінде сақтап қалғысы келетіндер үшін де таптырмайтын құрал. Акупунктуралық косметология көмегі арқылы беттің сопағы табиғи жолмен тартылып, әжімдердің (оның ішінде мимикалық) қатпарлары және мұрын – ерін қатпары да жазылады, беттің түсі жақсарып, коллагендердің түзілуінен терінің серпімділігі мен созылғыштығы қалпына келетіндігі құпия емес. Тек біздің Орталықта ғана акупунктуралық косметология бойынша дипломы бар маман жұмыс істейді.


НЕ ҮШІН ТЕК БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ

Кәсіби инемен емдеу енді Алматыда. Енді сіз дәрі-дәрмексіз емделудің сенімді тәсілін таба аласыз.

Инемен емдеу көне заманнан бері белгілі. Шығыс елдері бұны әртүрлі мәселелерді шешу үшін 20-ғасыр бойында қолдануда:

  • Тыныс алумен;
  • Ауырсынумен;
  • Созылмалы аурулармен;
  • Ағзаның жалпы күйімен;
  • және де басқа да көптеген мәселелер.

Бүгінгі күнде инемен емдеу сіз үшін де қол жетімді болды. Инемен емдеу және оның қасиеттері туралы толығырақ біліңіз.

Ұзақ жылдар бойы ем қабылдаудың бұл өнері тек санаулы адамдарға ғана белгілі болды. Қытайда инемен емдеуді адамның денсаулығы және оның психикалық күнің жақсартудың ең маңызды әрі ең жақсы тәсілдерінің бірі ретінде қолданылды. Бізге аталған өнер тек жуырда ғана жетті, ол көпшіліктің арасында инемен емдеу деп аталып кетті. Алматыда бүгінде инемен емдеудің нағыз мамандары өздерінің қызметтерін ұсына алады.
Бізге сеніңіз, бір көргендегідей сондай қорқынышты емес. Нағыз шебердің қолында жіңішке инелер ешқандай қолайсыздық тудырмайды. Бұған Сіз өзіңіз де көз жеткізе аласыз.
Алматыдағы біздің инемен емдеу орталығымыз бұл жағынан Сізге көмектеседі. Егерде сізді бас аурулары мазалайтын болса, әрі сүйектеріңіз жиі-жиі қақсаса, болмаса жалпы өзіңіздің тонусыңызды көтергіңіз келсе, сізге инемен емдеу сәтті таңдалған тәсіл болмақ.

Инемен емдеу қандай мәселелерді шешуі мүмкін?

Ең алдымен инемен емдеу ағзаның жалпы күйін жақсартады. Алайда ем қабылдаудың ең тиімді тәсілі инемен емдеу болып табылатын бір қатар дерттерді атауға болады. Алматы сізге төменде аталған дерттерден айығуға көмектесетін жоғары санатты маманды ұсынуға дайын :

  • Артрит;
  • Остеохондроз;
  • Ашуланшақтық;
  • Қобалжушылық;
  • Әлсіз иммунитет;
  • Невралгия;
  • Бронхит;;
  • Цистит;
  • Артық салмақ.

Бұл және басқа дерттерді ине рефлексотерапияның көмегімен емдеуге болмаса айтарлықтай жеңілдетуге болады. Ем қабылдауға деген мұндай тәсіл дәрі-дәрмексіз емделу мүмкіндігін береді. Егерде сіз ем қабылдаудың дәстүрлі тәсілдеріне қолданатын болсаңыз, онда инемен ем қабылдау қабылдайтын дәрі-дәрмектердің әсерін күшейте түседі.
.